​ШЫМКЕНТ: 9 айда тұтынушыларға 198,5 млн теңге қайтарылды

0
185

381 өтінішке қатысты тұтынушыларға түсіндірмелер беріліп, 116 өтініш басқа органдарға бағытталды.


​ШЫМКЕНТ: 9 айда тұтынушыларға 198,5 млн теңге қайтарылды

ERNUR.KZ. Шымкент қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті 2024 жылдың 9 айында айтарлықтай жұмыс атқарды. Осы кезеңде департамент 3908 өтінішті қарады, оның ішінде 3274 өтініш қанағаттандырылып, жалпы сомасы 198,5 млн теңге тұтынушыларға қайтарылған.

Сонымен қатар, 381 өтінішке қатысты тұтынушыларға түсіндірмелер беріліп, 116 өтініш басқа органдарға бағытталды. 41 өтініш иелері тарапынан кері қайтарылса, 18 талап-арыз бойынша сотқа жүгінілді, оның 9-ы бойынша оң шешім қабылданып, 3 млн теңгеден астам қаражат өндірілген.
Сондай-ақ, департамент "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңның негізінде 10-нан астам азаматтың құқықтары бұзылған екі жағдайды анықтап, олардың құқығын қорғау үшін сотқа жүгінді. Нәтижесінде 280 мың теңге тұтынушыларға қайтарылды.