ШЫМКЕНТ: Абай ауданында су басу қаупі бар 40-тан астам орын анықталды

0
601

Бұл туралы Абай ауданының әкімі брифинг барысында айтты.


ШЫМКЕНТ: Абай ауданында су басу қаупі бар 40-тан астам орын анықталды

Шымкент қаласы Абай ауданы аумағында су басу және көлдеу қауіпі бар 41 орын анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Абай ауданының әкімі брифинг барысында айтты.
“Аталған су басу орындарын 2023 жылға дейін шешу жоспарланған. Оның ішінде 2022 жылы 21 мекенжайға ирригациялық жүйелер салу жоспарланды. Қазіргі таңда, 21 мекен жайға құрылыс жұмыстары жүргізіліп, аяқталды”, - деді аудае әкімі.
Сонымен қатар, 2024 жылы қосымша15 көшеге ирригациялық жүйе орнату жоспарлануда.