​«Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жаңа басшысы тағайындалды

0
1 021

Бұл қызметке Садибеков Бижан Абдигапбарұлы тағайындалды.


​«Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жаңа басшысы тағайындалды

«Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы болып Садибеков Бижан Абдигапбарұлы тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Садибеков Бижан Абдигапбарұлы Түркістан облысы Келес ауданы Бірлесу ауылында дүниеге келген.
М. Әуезов атындағы ОҚМУ түлегі. Қазақ Ұлттық Аграрлық университеті магистранты.
- 2013-2014 жылы ОҚМПИ-ның Биология кафедрасында ассистент.
- 2015 - 2017 жылдан ОҚМПИ-ның магистр – оқытушы,
- 2017-2019 жылдар ОҚМПУ-де «Жаратылыстану» факультетінде декан орынбасары.
- 2019-2022 Шымкент қалалық жастар ресурстық орталығының «Қоғаммен байланыс және ақпаратты талдау» бөлімінің басшысы қызыметін атқарған.
Сонымен қатар, Бижан Садибеков Шымкент қаласы әкімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды.
Айта кету керек, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қызметі қоғамдағы тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және мегаполистің мемлекеттік органдарына азаматтардың сенімін арттыруға бағытталған.