«SHYMKENT» ӘКК ұжымы Арыстағы жарылыстан зардап шеккендерге бір күндік жалақыларын аударды

0
1 627

"Қиын уақытта біз отандастарымызды қолдауға тиіспіз", - дейді ұжым басшысы.


«SHYMKENT» ӘКК ұжымы Арыстағы жарылыстан зардап шеккендерге бір күндік жалақыларын аударды

ERNUR.KZ. Бұл туралы «SHYMKENT» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы Рашид Аюпов Фейсбук парақшасында жариялады.

- Өздеріңіз білетіндей, бүгін Арыс әскери бөлімінде жарылыс болды. Тұрғындар эвакуацияланды. Бірнеше зардап шеккендер бар, олар ауруханада. Бұл қиын уақытта біз отандастарымызды қолдауға тиіспіз. "Shymkent" ӘКК АҚ-ның барлық ұжымы зардап шеккен отбасылар мен Арыс тұрғындарына бір күндік жалақысын аударды. Сіздерді де сауапты бастамаға қосылуға шақырамыз. Жұмыла жұдырық болайық! – деп жазды Рашид Аюпов Фейсбуктегі парақшасында.