Әлеуметтік желі арқылы кеңінен насихатталып жатқан кереғар ағымдардың ерекшеліктері мен теологиялық өзгешеліктерін айрықша атап өтті.
ERNUR.KZ. Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ мен «Жастар ресурстық орталығы» КММ, дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-і қызметкерлерінен құралған ақпараттық- насихаттық топ Мирас университетінің студент жастарымен кездесті.
Әсіресе, кездесуде келген қонақтар жастардың дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтану, дәстүрлі құндылықтарымызды дәріптеу, керағар ағымдар жайында және де шетелде діни білім алудың қауіпті екені жайында ой-пікірлерін ортаға салды.
Сонымен қатар, әлеуметтік желі арқылы кеңінен насихатталып жатқан кереғар ағымдардың ерекшеліктері мен теологиялық өзгешеліктерін айрықша атап өтті. Кездесу барысында жастар тарапынан тақырып аясында көптеген сұрақтар қойылып, теолог мамандары жан-жақты жауап берді.