ШЫМКЕНТ: Әл-Фараби ауданына 45,5 млрд теңге инвестиция тартылған

0
584

Жоспар 100 % орындалды.


ШЫМКЕНТ: Әл-Фараби ауданына 45,5 млрд теңге инвестиция тартылған

ERNUR.KZ. Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы бойынша 2023 жылы негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемін 50 млрд теңгеге (122 жоба) жеткізу жоспарланған болатын. 2023 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша аудан аумағына тартылған инвестиция көлемі 45,5 млрд (90,6 %) теңгені құрады.

Сонымен қатар, 37 әлеуетті жоба нақтыланып, қонақ үй, әлеуметтік салаларда, өндірістік цехтарда, сауда және қызмет көрсету салаларында 1405 азамат жұмыспен қамтылды.

2022 жылы аяқталуға жоспарланған 119 жоба (10 мейрамхана, дәмхана, 3 қонақ үй, 3 азық-түлік дүкені, 7 бизнес орталық, 3 киім дүкені, 3 монша, 4 әсемдік салоны, 3 дәріхана, 4 жеке меншік емхана және т.б.) іске асырылып, жалпы инвестиция құны 40 млрд теңгені құрады. Жоспар 100 % орындалды.
Аудан әкімінің салаға жауапты орынбасары, сондай-ақ құзырлы мекеме өкілдерінің қатысуымен кәсіпкерлермен 30-ға жуық кездесу өткізілді. Онда мемлекеттік бағдарламалар түсіндіріліп, кәсіпкерлікті қолдау бойынша мәселелер талқыға түсті.
Сонымен қатар, аудан әкімінің орынбасары мен бөлім басшысы күнделікті әр түрлі санаттағы кәсіпкерлерге қабылдау өткізіп, азаматтарға бағыт-бағдар беруде.
Бүгінгі таңда шаһарда мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті қолдауға арналған «2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба, «Іскер қала» бағдарламасы іске асырылуда.
«Іскер қала» іс-шара жоспары аясында жеңілдетілген несиелер беру қарастырылған. Атап айтқанда, жастар мен әйел кәсіпкерлеріне 1 %-бен 30 млн теңгеге дейін және өндірістік алаңдарында іске асыратын жобаларға 2 %-бен 50 млн теңгеге дейін несие беру жоспарланған.