ШЫМКЕНТ: Әл-Фараби ауданында мейрамханаларға тексеру жүргізілді

0
610

84 кәсіпкерлік нысанға рейд жүргізіліп, карантин талаптары сақталмаған 9-на айыппұл салынды.


ШЫМКЕНТ: Әл-Фараби ауданында мейрамханаларға тексеру жүргізілді

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері қалалық полиция департаменті мамандарымен бірге мейрамханаларға кезекті тексеру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Рейд барысында тұрғындардың аудан аумағына қарасты Бәйдібек би даңғылындағы «Ақбастау», «Мерей», «Шымкент-Холл», М.Дулати көшесіндегі «Теріскей», Орымбаев көшесіндегі «Нарлен»мейрамханаларында құдалық, беташар, ұзату сынды той-томалақ өткізілгендігі анықталып, оларға тосқауыл қойылды.

Ал Қазыбек би көшесіндегі «Sova» және Т. Рысқұлов көшесіндегі «Sakagrand» кафелері келушілерге қор-қор (кальян) ұсынғандығы белгілі болды.
Сенбі-жексенбі күндері 84 кәсіпкерлік нысанға рейд жүргізіліп, карантин талаптары сақталмаған 9-на айыппұл салынды. Жалпы мұндай бақылау жұмыстары тек демалыс күндері емес, күн сайын ұйымдастырылып жүр.
Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының мамандары және тәртіп сақшылары Шымкент қаласының Бас санитариялық дәрігерінің бекіткен соңғы №18 Қаулысына түсіндіру жұмыстары да қатар жүргізілуде.