ШЫМКЕНТ: Антикор жер учаскелерін бизнеске бөлу саласына талдау жүргізді

0
772

Бұл туралы Департаменттің бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев қоғам өкілдерімен кездесуінде мәлімдеді.


ШЫМКЕНТ: Антикор жер учаскелерін бизнеске бөлу саласына талдау жүргізді

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жер учаскелерін бизнеске бөлудің ашықтығы, олардың қолжетімділігі, сондай-ақ оларға инфрақұрылымды жеткізу және желілерге қосылу мәселелерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Департаменттің бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев қоғам өкілдерімен кездесуінде мәлімдеді.

Аталған саладағы мәселелер мен кемшіліктерді талқылау, сондай-ақ жер беру тетіктерін жетілдіру мақсатында «Аntikor ortalyǵy» алаңында сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының, Мемлекеттік кірістер, Жер ресурстарын басқару департаменттерінің, кәсіпкерлер палатасының, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ филиалының, «Әділдік жолы» РҚБ филиалының, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарын бақылау жөніндегі тұрақты комиссия мен қоғам белсенділері кездесті.

Сондай-ақ, бүгін Жандос Жұмабаевтың төрағалығымен белгіленген саладағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша жұмыс тобымен кездесу өтті.

"Егер Сізде жер учаскелерін беру кезінде жергілікті атқарушы органдардың қызметіне қатысты нақты ақпаратыңыз, шағымдарыңыз және ұсыныстарыңыз болса, 8 747 741 7628 WhatsApp нөміріне немесе taldau2023.2024@gmail.com электронды поштасына жолдай аласыздар", - делінген жазбада.