ШЫМКЕНТ: аппараттық мәжілісте өзекті мәселелер талқыланды

0
325


ШЫМКЕНТ: аппараттық мәжілісте өзекті мәселелер талқыланды

Бүгін қала басшысы Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте бірнеше маңызды мәселелер талқыланды.

Соның ішінде, экология мен қала құрылысын жақсарту, жаңа жұмыс орындарын құру жоспарлары мен оларды жүзеге асыру жөніндегі жұмыстар ерекше назарға алынды.

Экология департаментінің басшысы Ермахан Қозыбаев қаламыздағы экологиялық жағдайды жақсарту үшін бірқатар ұсыныстарын жеткізді.
Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбеков «Шымкент Бас Жоспары» мекемесі тарапынан атқарылған жұмыстарды баяндады. Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Утебаева жаңа жұмыс орындарын құру жоспарының орындалуына тоқталып, биылғы жылы қалада 26 482 жұмыс орнын құру жоспарланғанын атап өтті.
Жиын соңында, қала әкімі жастарға берілетін білім гранттарын тездетуді, жол құрылыстарын уақытында аяқтау және тұрмыстық қалдықтарды жинастыру сияқты маңызды тапсырмалар берді.
Бөлісу