Шымкент архивіндегі 5 млн парақ электрондық форматқа көшіріледі

0
672

Мемлекеттік сақтауда тұрған құжаттарды электронды форматқа көшіру жұмыстарын жүргізу үшін архивте 2 дана планетарлық сканер орнатылған.


Шымкент архивіндегі 5 млн парақ электрондық форматқа көшіріледі

Шымкент қалалық архивте сақтауда тұрған шамамен 5 миллион парақ цифрландырылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы бүгін қала әкімінің алдындағы есепті жиында тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Х.Есенова мәлімдеді.

«Архивте сақтауда тұрған шамамен 5 млн. парақты цифрландыру қажеттілігі туындап отыр. Мемлекеттік сақтауда тұрған құжаттарды электронды форматқа көшіру жұмыстарын жүргізу үшін архивте 2 дана планетарлық сканер орнатылған. Бір сканер күніне 400 бет өткізеді. Екі сканер жылына 193 600 парақты өткізеді. 5 млн құжатты цифрлау үшін 26 жыл қажет. Ал, бұл жұмыстарды 5 жыл ішінде аяқтау үшін қосымша 8 сканер сатып алып, 8 штат бірлігін құру қажет», - деді басқарма басшысы.
Есепті кезеңде 104 189 парақты цифрландыру жоспарға қойылған болса, қазіргі танда 106 255 парақ цифрланып, көрсеткішке қол жеткізілген. Архивтік құжаттар қорын ұлғайту индикаторы ІІ тоқсанда жобалық кеңсеге енгізіліп, жоспарланған 1500 іс-құжат нақты орындалған.