ШЫМКЕНТ: Ашық есік күнінде Ультрадыбыстық зерттеуден тегін өте аласыз

0
2 380

Шымкент қалалық онкологиялық орталықта бауыр ауруына арналған ашық есік күні өтеді.


ШЫМКЕНТ: Ашық есік күнінде Ультрадыбыстық зерттеуден тегін өте аласыз

Шымкент қалалық онкологиялық орталықта Бауырдың қатерлі ісігін ерте анықтауға арналған ашық есік күні өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкенттегі онкологиялық орталықта 2019 жылдың 24 тамыз күні 9.00 ден 13.00-ге дейін өтетін ашық есік күніне мынандай шағымдармен қатыса аласыз:

Ас қорыту жүйесінің бұзылуы (кебулер, іштің ыңғайсыздығы, тәбеттің болмауы, жүрек айну, құсу);

Оң жақ бөлікте ауырсыну;

Терінің сарғаюы;

Белгісіз себеппен шаршау, салмақ жоғалту.

Сонымен қатар, В, С вирустық гепатиті бойынша жұқпалы ауру дәрігеріне тіркеуде болсаңыз, Ашық есік күнінде Ультрадыбыстық дыбыстық зерттеу тегін жүргізіледі.

Мекен жайы: Шымкент қаласы Байтұрсынов көшесі 85. Қабылдау және кеңес беру бөлімі.