ШЫМКЕНТ: Әскери қызметшілер мамандық бойынша дайындықтан өтіп жатыр

0
491

Дайындық барысында 1,2 мыңнан астам әскери маман даярлау жоспарланған.


ШЫМКЕНТ: Әскери қызметшілер мамандық бойынша дайындықтан өтіп жатыр

Шымкентте әскери қызметшілер мамандық бойынша дайындықтан өтуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жазғы оқу кезеңінің басталуымен 2023 жылғы 6 маусым мен 4 шілде аралығында "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасында мамандық бойынша дайындық басталды. Дайындық барысында 1,2 мыңнан астам әскери маман даярлау жоспарланған.
Мамандық бойынша дайындық сабақтары ағымдағы жылдың шілде айының басына дейін өтеді. Осы уақыт ішінде механикаландырылған бригадада барлығы 1,2 мыңнан астам әскери қызметші дайындықтан өтеді. Бригадада барлығы 100-ден астам оқу тобы құрылып, 200-ге жуық тәжірибелі нұсқаушы тағайындалды. Олармен жоғарғы басшылық тарапынан нұсқау-әдістемелік сабақтар өткізілді.
Оқу топтарымен сабақтар казармада, оқу корпустарында, тактикалық алаңда, сондай-ақ оқу полигондарында өткізіледі. Сабақ барысында интерактивті тақталар, бейнероликтер және көрнекі материалдар қолданылады.
- Мамандық бойынша дайындық барысында әскери қызметшілердің алдында атқаратын лауазымдар көлеміндегі функционалдық міндеттерді зерделеу, өз мамандықтары бойынша қызметтік, оқу-жауынгерлік міндеттерді орындау үшін қажетті штаттық қару-жарақ пен әскери техниканың материалдық бөлігін игеру міндеті тұр, - деп атап өтті бригада командирі подполковник Дастан Мұхамеджанов.
Мамандық бойынша дайындық барысында оқу тренажерлары мен полигондарда орындалған практикалық сабақтар мәселелеріне ерекше назар аударылатын болады.
Оқу материалын игеру деңгейін анықтау үшін даярлау аяқталғаннан кейін әскери қызметшілермен оқу пәндері бойынша бақылау сабақтары өткізіледі.

Айта кетейік, Шымкент гарнизонының әскери бөлімдерінде жаздың алғашқы күндерінен бастап дәстүрлі түрде жаңа оқу кезеңінің басында барлық санаттағы әскери қызметшілермен өткізілетін тактикалық-саптық сабақтар өтті. Сабақ барысында олар дабыл бойынша дағдыларын бөлім бойынша кезекшінің іс-қимылынан бастап техниканың жауынгерлік машиналар паркінен шығуына дейін, сондай-ақ басқа бөлімшелермен өзара іс-қимылды ұйымдастыруды пысықтады.