ШЫМКЕНТ: әуежай маңындағы үйлер бұзылмайтын болды

0
515

Ол үшін 30 миллиард теңге қажет.


ШЫМКЕНТ: әуежай маңындағы үйлер бұзылмайтын болды

ERNUR.KZ. Шымкент қаласындағы әуежайдың санитарлық қорғау аймағында орналасқан нысандарға қатысты шешім өзгерді.

Тиісті құқықтық-нормативтік актілер бойынша әуежайдың санитарлық қорғау аймағы 100 метрге дейінгі қашықтықты алып жатуы тиіс. Оған әуежай маңындағы 139 гектар жер кіреді. Сонымен қатар, аталған аймақтағы 307 жер телімінде тұрғын үйлер орналасқан.


Аталған мәселені шешу үшін 307 жер телімін мемлекет мұқтажына қайтарып алу жөнінде қаулы қабылданған болатын. Алайда бағалау жұмыстары бұл мақсатқа 30 миллиард теңге қажет екенін көрсетті. Яғни, мемлекет мұқтажына қайтарып алудың қала бюджетіне салмақ түсіретіні анықталды.
Сондықтан Шымкент әуежайына санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қашықтықтан жаңа ұшу-қону жолағын салу туралы шешім қабылданды. Осыған орай, жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеу үшін «Qazaq City Stroy» ЖШС-мен меморандум түзілді.

Әуежайдағы жаңа ұшу-қону жолағының ұзындығы — 3 300 метр, ал, ені 45 метр болады. Нәтижесінде, халықтың баспанасы бұзылмайды. Мемлекет қаржысы да үнемделіп, әуежайда заманауи ұшып-қону жолағы салынады.