Шымкент: Автомобиль жолдары саласында 24,7 млрд теңге игерілді

0
1 551

Ағымдағы жылы қалада 261 нысан немесе 416,8 шақырым жолдар мен көшелер құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылды.


Шымкент: Автомобиль жолдары саласында 24,7 млрд теңге игерілді

Шымкент қаласында биыл жол-құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қала әкімі М. Әйтенов қаладағы жол саласында атқарылған жұмыстардың барысын пысықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2020 жылы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына жалпы 33,8 млрд. теңге қаржы қаралған: республикалық бюджет – 10,8 млрд. теңге, жергілікті бюджет – 23,0 млрд. теңге.
Биыл автомобиль жолдары саласына – 25,4 млрд. теңге бөлінген. 2020 жылдың 1 қарашасындағы мәлімет бойынша 24,7 млрд. теңге немесе 73,1 % - ы игерілді. Қараша-желтоқсан айларында 6,2 млрд. теңге қаржы игерілетін болады.
Ағымдағы жылы қалада 261 нысан немесе 416,8 шақырым жолдар мен көшелер құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Оның ішінде, осы жылы 236 нысан (306,7 шақырым) пайдалануға беріледі.
Шымкент қаласында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 3 мыңға жуық шақырымды құрайды. Оның ішінде: 1,8 мың шақырым. – асфальтталған, қалған 1,2 мың шақырым – шағал тас пен топырақ. Жыл қорытындысымен жақсы және қанағатты жағдайдағы жолдардың үлесі 3,5 %-ға ұлғайып, жалпы 60%-ға жеткізу жоспарланған.