ШЫМКЕНТ: басқарма басшысы кезекті рет қоғамдық қабылдау өткізді

0
722

Қабылдау барысында Жанат Өмірсейітқызы әрбір тұрғынның мәселесімен жіті танысып, заңдылыққа сәйкес түсініктеме берді.


ШЫМКЕНТ: басқарма басшысы кезекті рет қоғамдық қабылдау өткізді

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаева «AMANAT» партиясы қалалық филиалында қоғамдық қабылдау өткізді.

Басқарма басшысының қабылдауына жазылған тұрғындар мүгедектігі бар азаматтарға арналған «Инватакси» қызметі, зейнеткерлерге арналған жипажай жолдамасы, ерекше балаларды сауықтыру емімен қамту және атаулы әлеуметтік көмек жайында мәселесін жеткізді. Қабылдау барысында Жанат Өмірсейітқызы әрбір тұрғынның мәселесімен жіті танысып, заңдылыққа сәйкес түсініктеме берді.
«Инватакси» қызметін қолдануға қатысты мәселесін айта келген тұрғындарға Ж.Өтебаева заң нормаларында көрсетілген қағидаларымен таныстырып, қандай жағдайда бұл көлік қызметін пайдалануға болатынын түсіндірді.
Ал, зейнеткерлерді шипажайда сауықтыру емімен қамту жөнінде өтініш айтып келген 82 жастағы ардагерге ол үшін geo-shym.kz порталы арқылы кезекке тіркелеу тиіс екені айтылды. Кезекке тіркеліп, реті келгенге дейін зейнеткерге «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығының қызметі ұсынылды.
Сонымен қатар, жұмыс сұраушыларға бос жұмыс орындарын ұсына отырып, мәселесін шешу үшін тиісті бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ, тұрғындар тарапынан айтылған мәселелердің барлығы бақылауында болатынын жеткізді.
Бөлісу