ШЫМКЕНТ: Бүйрегінен айрыла жаздған науқас қалай аман қалғанын айтып берді

0
2 521

Несеп-тас ауруына шалдыққан азаматқа жеке клиникада бүйрегін алыптастауға кеңес берген. Таныстарының кеңесін алған азамат №1 Шымкент қалалық клиникалық ауруханасында емделуге барған.


ШЫМКЕНТ: Бүйрегінен айрыла жаздған науқас қалай аман қалғанын айтып берді

Шымкенттің беделді жеке клиникаларының бірінде науқасқа бүйрегін алып тастауға кеңес берген, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Несеп-тас ауруына шалдыққан азамат жеке клиникадан естіген жаңалықты анасымен ауыр қабылдаған. Емделудің басқа жолын іздеген науқас таныстары арқылы №1 Шымкент қалалық клиникалық ауруханасында емделуге болатынын естіген. Аталған ауруханаға барған науқас дәрігерлердің толық тексерілуінен өткен соң бүйректі аман сақтап қалуға болатындығын естіп қуанған.

"Таныстарым айтып қалды №1 Шымкент қалалық клиникалық ауруханасында осы ауруға операция жасалатындығын. Онда Чингис Булатович деген врач бүйректегі тастарды алып емдейтіндігін айтты. Врач барлық снимкілерді көрді, емдеуге мүмкіндік бар. Бүйректі кезкелген уақытта алып тастауға болады, бізге ең бірінші сенің бүйрегіңді аман алып қалу деді. Сөйтіп үш этапта операция жасалды. Қазір бүйрек ешқандай ауырмайды, жағдайым жақсы", деді Сардар Нарметов Шымкент қаласы тұрғыны.

"Бұрын кесіп бүйрекке ашық операция жасайтын едік. Науқас операциядан ауыр шығады, 8-10 күн жатады. Ал бүгінгі жасап жатқан операциямыз науқасқа жеңіл болады. Ешқандай тіліксіз арнайы аппаратпен бүйректі тесе арқылы тастарды майдалаймыз. Бұл операция науқасқа жеңіл болады, ауруханада 4-5 күн жатады, сондай-ақ тез оңалады. Бұл операция түрін 2017 жылдың соңында қолға алдық. Бүгін таңға дейін 30-ға жуық операция жасалды, ал биыл 2019 жылы 8-ші опреция жасадық", дейді урология бөлімінің басшысы, медицина ғылымдарының кандидаты жоғарғы санаттағы дәрігер Байменов Чингис.

Айта кету керек, несеп-тас ауруына қатысты дәл осындай операция Нұрсұлтан, Алматы қалаларынан кейін тек қана Шымкентте, №1 Шымкент қалалық клиникалық ауруханасында екі жылдан бері жасалып келеді.