Егер дәрі-дәрмектердің шекті сауда бағасын арттыру фактілері анықталған жағдайда, Шымкент қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жазбаша түрде хабарласуға болады, деп хабарлайды ERNUR.KZ..
Мекен-жайы: Шымкент қаласы, Қонаев даңғылы №27, (дәрілік препараттарды сатып алу туралы дәлелді чек құжаттарымен).
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасында "DariKZ" электрондық қосымшасы жұмыс істейді. Осы қосымшаны смартфонға жүктеу арқылы ҚР аумағында рұқсат етілген дәрілік препараттар мен олардың бағалары туралы барлық ақпаратты біле аласыз.
Жүктеу сілтемесі: https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.dari
Сондай-ақ, дәрілік заттардың белгіленген шекті бағаларын көтергені үшін ҚР 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 426-бабының 1-бөлімі бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген.