ШЫМКЕНТ: Екі күн ішінде жазатайым оқиғадан 4 адам қаза тапты

0
578

Қазіргі таңда жазатайым оқиғалардың себептері анықталуда.


ШЫМКЕНТ: Екі күн ішінде жазатайым оқиғадан 4 адам қаза тапты

Шымкент қаласында наурыздың екі күні ішінде жазатайым оқиға орын алып, 4 адам қаза тапты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ведомство мәліметінше, 6 наурыз күні Қазығұрт шағынауданы Қазына көшесі мекенжайы бойынша 2010 жылы туған жасөспірім қыз баланың мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.
“Шақырту орнына барған авариялық бригада г/аспаптары монтажының ТШ бұзылуын анықтаған. «TEPLOLUXE» маркалы ағынды су жылытқышы және «S-TERM» маркалы едендік жылыту қазанының көлемі 3, 00х2,50х2,20 ванна үй-жайында орнатылған. «TEPLOLUXE» маркалы ағынды су жылытқышы және «S-TERM» маркалы едендік жылыту қазанының көлемі 3, 00х2,50х2,20 ванна үй-жайында орнатылған. Желдету каналы жоқ, желдеткіш терезе бар. Түтін шығаратын құбыр - ағынды су жылытқыштың гофрасы түтін шығаратын құбырдан ажыратылған. Ағынды су жылытқышы мен жылыту қазандығына арналған газ құбыры пластикалық құбырдан жасалған. ҮІГЖ бойынша келісім-шарт жоқ. Жазатайым оқиғаның себептері анықталуда”, - делінген жазбада.
Ал, 6 наурыз күні 21 сағат 56 минутта жедел жәрдем диспетчері А.Спабековадан Тельман бөлімшесі, Даулбаев көшесі 51-үй мекенжайы бойынша 1975 жылы туған ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.
Шақырту орнына барған авариялық бригада г/аспаптарын монтаждау ТШ бұзушылықты анықтады. «AXI turbo» маркалы ағынды су жылытқышы және қабырғаға орнатылған жылыту қазаны 2,00 x 4 x2, 20 өлшемді ванна бөлмесінде орнатылған.
Сонымен қоса, 7 наурыз күні Достық тұрғын алабынан 1964 және 1963 жылы туған екі мәйіті табылды.
18 сағат 02 минутта шақыру орнына келіп, авариялық бригада г/аспаптары монтажының бұзылуын анықтаған. Өлшемі 2,20х3,20 моншаның ауыз бөлмесінде «TERLOFIT» маркалы ағынды су жылытқышы орнатылған. Ағынды су жылытқыштың түтін шығаратын құбыры (гофра) ағынды су жылытқышының құбырларына тығыз қосылмаған”, - делінген баспасөз хабарламасында.
Қазіргі таңда жазатайым оқиғалардың себептері анықталуда.