Бүгінде қаланың мүмкіндігі жоғары, болашақта «Ғылым қаласы» атауын алуды жоспарлап отыр.
ERNUR.KZ. Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің түлектері «Ерікті қоныс аудару» жобасының аясында Абай облысы, Курчатов қаласынан келген өкілдермен кездесті.
Қала әкімінің орынбасары Нұрбек Қошқарбаев, Курчатов қаласының мансап орталығының маманы Назгүл Төлеубаева, қалалық мәдениет үйінің директоры Жанарбек Торайғыров жастарды қала тынысымен таныстырды. Ал, Нұрбек Тұрсынханұлы қала тарихына шолу жасады.
Ресми өкілдердің айтуынша, бүгінде қаланың мүмкіндігі жоғары, болашақта «Ғылым қаласы» атауын алуды жоспарлап отыр. Ұлы ақын Абай Құнанбаев дүниеге келген тарихи мекенде ірі кәсіпорындар бар. Жұмыс істеп тұрған шағын және орта субьектілердің саны 372 бірлік. Қаланың жалпы 4 білім беретін мектебінде 1639 оқушы, 3 балабақша және 2 шағын орталықта 640 бала оқиды.
Қаладағы барлық мектептер пәндік кабинеттермен жабдықталған және интернетке қол жеткізу мүмкіндігі бар. Барлығы 260 бейнебақылу камерасы орнатылған мекен қазіргі таңда ең қауіпсіз қала болып табылады. Мансап орталығының маманы қаладағы бос жұмыс орындарымен орындарымен таныстырды. Атап айтқанда, математика пәнінің мұғалімі, музыка пәнінің мұғалімі, дене шынықтыру, бастауыш сыныбының мұғалімдеріне сұраныс барын жеткізді.
дереккөз: Шымкент қаласының Өңірлік Коммуникациялар Қызметі