ШЫМКЕНТ: еріктілік идеяларын дәріптеуге арналған жастар форумы өтті

0
315


ШЫМКЕНТ: еріктілік идеяларын дәріптеуге арналған жастар форумы өтті

Бүгін Шымкент қаласында еріктілік идеяларын дәріптеуге арналған жастар форумы өтті.

Іс-шараны Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастырды. Форумның басты мақсаты – жастарды волонтерлік қызметке ынталандыру, еріктілер қозғалысын дамыту және әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға бағытталған.

«Волонтерлікке қадам бас» тақырыбымен өткен жиынға сала мамандары, қоғамдық ұйым жетекшілері, белсенді еріктілер мен жастар ұйымдарының мүшелері қатысты. Форум аясында қатысушылар волонтерлік қызметтің қоғамдағы рөлі, әлеуметтік жобаларды іске асыру жолдары және азаматтық белсенділік мәдениетін дамыту туралы ой бөлісті.
Олар волонтерлік қызметтің тек қоғамға пайда әкеліп қана қоймай, әрбір жастың тұлғалық дамуына, көшбасшылық қасиеттерінің қалыптасуына, өмірлік жолын айқындауға ықпал ететінін атап өтті.
Айта кету керек, бүгінде Шымкент қаласында үш мыңға жуық ресми тіркелген волонтер бар.
«Олардың қатарында мектеп оқушылары, студенттер, түрлі мамандық иелері мен зейнет жасындағы адамдар да бар. Волонтерлік бағыттар экологиялық, әлеуметтік, мәдени, білім беру және құқықтық салаларды қамтиды», - деді Аймақтық волонтерлік фронт-офис жетекшісі Қайыржан Бөгенбай.
Жалпы, еріктілік – бұл тек көмек көрсету ғана емес, сонымен қатар өз әлеуетіңді ашу, жаңа дағдыларды меңгеру, айналаңдағы адамдарға жанашыр болу мектебі. Жастардың волонтерлікке тартылуы олардың бойында патриоттық сезімді қалыптастырып, ел болашағына бейжай қарамайтын азамат ретінде тәрбиелейді.
Жастар волонтер болу арқылы нақты жобаларға қатысып, қоғамның өзекті мәселелерін шешуге үлес қоса алады. Бұл – олардың көшбасшылық қасиеттерін дамытып, болашақ мамандық таңдауына да оң әсер етеді.
Сондықтан да, еріктілік идеясын кеңінен насихаттау, жастар арасында волонтерлік қозғалысты қолдау – бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі.
Бөлісу