ШЫМКЕНТ: Этносаралық тұрақтылықты сақтау мәселелері қаралды

0
488

Тиісті тұрғыда түсіндірме жұмыстары жүргізілді.


ШЫМКЕНТ: Этносаралық тұрақтылықты сақтау мәселелері қаралды

Шымкентте этносаралдық және дінаралық тұрақтылықты сақтау мәселелері қаралды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

ҚР ІІМ-не қарасты Шымкент қаласындағы Б.Момышұлы атындағы оқу орталығының қызметкерлері арасында радикализмнің, кемсітушіліктің, тілдік, ұлттық немесе нәсілдік кемсітушіліктердің алдын-алу мақсатында мекеме қызметкерлерінің қатысуымен кездесу өтті.

Іс-шараға Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің маманы А.Жанпейіс, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Н.Күндебай, аталмыш оқу орталығының басшысы, полиция полковнигі Қ.Тілеубердиев қатысты.

Аталған бағыттар бойынша ұлтаралық, дінаралық алауыздықты қоздыратын іс-әрекеттердің алдын алу мәселелері қаралып, тиісті тұрғыда түсіндірме жұмыстары жүргізілді.