ШЫМКЕНТ: «Ибрагим ата» және «Қарашаш ана» кесенелерінің аумағы абаттандырылады

0
719

Жобаға сәйкес, кесенелердің аумағында туристерге қолайлы жағдай жасалады.


ШЫМКЕНТ: «Ибрагим ата» және «Қарашаш ана» кесенелерінің аумағы абаттандырылады

Шымкент қаласында туристік орындардың инфрақұрылымын жетілдіру мақсатында Қаратау ауданы әкімдігімен бірлесе Сайрам тұрғын алабында орналасқан «Ибрагим ата» және «Қарашаш ана» кесенелерінің аумағын абаттандырудың эскиздік жобасы әзірленді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жобаға сәйкес, кесенелердің аумағында туристерге қолайлы жағдай жасау, атап айтқанда кіре беріс, көлік тұрағы мен дәрет алу орындарын ретке келтіру, жан-жағын көгалдандыру, бастырмасы бар орындықтар қою қарастырылған. .

Сонымен қоса, Шымкент қаласы Сайрам тұрғын алабындағы туристік ақпараттық қолжетімділікті арттыру мақсатында 4 – дана туристік табло-стенд орналастыру басталды.
Стенд – табло тұрғын алабтағы барлық тарихи-мәдени және сакралды нысандарға жол сілтейтін болады. Жоба ағымдағы жылдың 20 қыркүйегіне дейін орналастырылады.

Сондай-ақ, «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ-мен бірлесе Қазақстан бойынша «NeoNomad 2022» гранд-турлары әзірленді. Аталған гранд-турға Шымкент қаласынан «Shym qala» тарихи-мәдени кешені енгізілді. Бүгінде фоторамканың дизайны «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ-мен келісіліп бекітілді. Кешен аумағында республика бойынша бір дизайндағы арнайы фотоспот орналастырылды.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың 6 айлық (II-тоқсандық) қорытындысы бойынша, қалаға келген туристер саны 216 249 адамды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31,7%-ға артты (152 224 адам), оның ішінде 200 549адам ішкі туристер болса, 15 700 адам шет ел азаматтары.
Ал, «экспресс-статистикалық» ақпаратқа сәйкес үстіміздегі жылдың 9 айында өңірге 300 000-ға жуық турист келетіні күтіліп отыр.
Туристердің келуіне басты себеп, Шымкент қаласынан тікелей бағыттағы әуе рейстердің көбеюі тікелей әсер етеді. Оның ішінде: Ішкі рейстер: Нұр-сұлтан, Алматы, Ақтау, Атырау, Семей және Қостанай. Халықаралық бағыттағы рейстер: Стамбул, Мәскеу, Анталья және Куаиси қалалары.
Жалпы Шымкент қаласы аумағында орналастыру орындарының саны 2021 жылы 125 құраса, 2022 жылдың 6 айында 148 өскен(18,4%) құрап отыр.
Жалпы туристерді қабылдау көрсеткіші бойынша Шымкент қаласы республикада Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларынан кейінгі үшінші орында.