Әкім Цифрландыру басқармасына жиында айтылған міндеттерді жүзеге асыру тетіктерін жан-жақты пысықтауды тапсырды.
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевпен және «Kcell» АҚ компаниясының өкілдерімен кездесті.
Кездесу барысында «Қазақтелеком» АҚ басшылығы қалада жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобаларға тоқталды. Атап айтқанда, 2022-2024 жылдар аралығында ұлттық байланыс операторы телекоммуникация саласын дамытуға 6 миллиард теңгеден астам инвестиция бөліп отыр.
Бұдан бөлек, бүгінде тұрғындардан байланыс сапасы мен интернет жылдамдығының төмендігі туралы шағымдар түсіп жатқанын да айтты. Айта кетерлігі, қазір қалада базалық станциялардың аздығынан байланыс нашар орындар бар.
Жиын барысында кәсіпорын өкілдері ғимараттар мен жаңа тұрғын үй кешендерінің шатырларына жабдықтар орнатуды, антенналық діңгек құрылымдарын және қосарлы мақсаттағы көше тіректерін салуды үйлестіру тетіктерін пысықтауды сұрады. Сондай-ақ өз кезегінде байланыс пен интернет сапасын арттыруда жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін де атап өтті.
Әкім Цифрландыру басқармасына жиында айтылған міндеттерді жүзеге асыру тетіктерін жан-жақты пысықтауды тапсырды.