ШЫМКЕНТ: Қала әкімі Тұран шағын ауданында салынып жатқан мектептің құрылысымен танысты

0
2 914

Осы жылдың тамыз айында пайдалануға беріледі.


ШЫМКЕНТ: Қала әкімі Тұран шағын ауданында салынып жатқан мектептің құрылысымен танысты

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Тұран шағын ауданында салынып жатқан 1200 орындық мектептің құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Қоғамдық көлік схемасы оқушылар мен ата-аналары үшін тиімді болу керек. Яғни мектепке жеткізіп барып бағытын жалғастыру үйлестірілсін. Себебі оқушылардың қауіпсіздігін назарға алуға тиіспіз. Сонымен бірге, қазірден бастап білім беру ұйымына педагогтарды конкурстық негізде қабылдау мәселесін ұйымдастырып, оған дайындалу керек», - деді М.Әйтенов.
Осы жылдың тамыз айында пайдалануға берілетін білім нысанының сапасына баса назар аударған қала басшысы кемшіліктер орын алмас үшін өткен жылы пайдалануға берілген мектептермен ақылдаса отырып жұмыс жасауды құрылыс және білім басқармасына тапсырды.
Мемлекет қаржысына салынып жатқан мектептің құрылысын «АРТ-құрылыс» ЖШС-гі жүргізуде. Білім нысанының жалпы аумағы 2,97 гектар.