ШЫМКЕНТ: Қала активіне жаңадан тағайындалған лауазым иелері таныстырылды

0
900

Қала басшысы жаңа лауазымдарға тағайындалған әріптестерін құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі.


ШЫМКЕНТ: Қала активіне жаңадан тағайындалған лауазым иелері таныстырылды

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысы лауазымына тағайындалған Даурен Ергарин Тілекұлын қала активіне таныстырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Актив жиынына ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Асхат Жұмағали арнайы қатысты.
Дәурен Ергарин Тілекұлы 1982 жылы туылған. Экономикалық қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметінде бірқатар лауазымдарды атқарған. Осыған дейін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы қызметінде болған.
Сондай-ақ, қала активіне Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің Шымент қаласы бойынша өкілі Нұржан Әбдезов пен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Шәкір Сұлтанхан таныстырылды.
Қала басшысы жаңа лауазымдарға тағайындалған әріптестерін құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі. Сондай-ақ, алдағы уақытта мегаполистің әлеуметтік-экономикалық дамуында бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.