Шымкент қаласы «Еңбек күнін» атап өтеді

0
1 190

Басқармасының қаладағы барлық ұжымды "Еңбек күнін"​ атап өтуге шақырды.


Шымкент қаласы «Еңбек күнін» атап өтеді

Шымкент қаласының мемлекеттік Еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов ақпараттық коммуникациялық орталығында өткен брифингте шаһарда өтетін "Еңбек күніне" орай жоспарланған іс-шаралармен таныстырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Басқарма басшысының айтуынша, Шымкент қаласы бойынша 15 қыркүйектен бастап Азаматтардың барлық санаттарына, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарға, жұмыссыз жастарға және т.б. жұмысқа орналасуға жәрдемдесу бойынша бос орындар жәрмеңкелері, Ашық есік күндері өтеді. Бұдан бөлек:

- 16, 17 қыркүйек күндері А.С.Пушкин кітапханасында «Еңбек галереясы» фотокөрме өтеді;

- 20 қыркүйектен бастап кинотеатрлар мен кинозалдарда еңбек адамдары туралы көркем және деректі фильмдерді көрсету жоспарлануда;

- 20 қыркүйектен бастап «Менің жетістігім – менің нәтижем» ұранымен Еңбек күніне арналған спорттық іс-шаралар өтетін болады;

- 20 қыркүйекке дейін #EnbekEri хэштегі бойынша еңбек адамдары туралы ең үлгілі әңгімелер бойынша онлайн байқауы қорытындыланатын болады;

- 21 қыркүйекте «Еңбек жолы» конкурсының өңірлік кезеңінің жеңімпаздарын, еңбек ардагерлерін, өндіріс озаттарын және т.б. марапаттау рәсімдері өтетін болады.

Сонымен қатар, Шымкент қаласының мемлекеттік Еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов қаладағы барлық ұжымды "Еңбек күнін" атап өтуге шақырды.

"Барша жұмыс берушілер мен жұмыскерлерді мерекемен құттықтай отырып, «Еңбек күнін» өз ұжымдарыңызда атап өту мүмкіндіктерін қарастыру арқылы, қарапайым еңбек адамының қоғамдағы беделін арттыруға және өнімді еңбекті ынталандыруға ықпал ететінімізді айтқым келеді.

Сонымен қатар, қала тұрғындары мен қонақтарын «Еңбек күніне» арналған іс-шараларға қатысуға шақырамыз!", - деді ол.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Үкіметі 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 1004 қаулысымен «Қоғамда еңбек құндылығы идеологиясын ілгерілетудің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары» бекітіліп, қоғамымыздың барлық салалаларында тиісті іс-шаралар атқарылып жатыр.

Аталған іс-шаралар жоспары аясында, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» № 689 қаулысымен қыркүйектің соңғы жексенбісі – «Еңбек күні» болып бекітілген.