Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы блок-бекеттерді аралады

0
1 318

Шымкент қаласы аумағында короновирустық инфекцияның таралуына жол бермеу шараларын іске асыру мақсатында 1206 полиция қызметкері жұмылдырылған.


Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы блок-бекеттерді аралады

Бүгін Шымкент қаласы Полиция департаменті БАҚ өкілдері мен қоғам белсенділері үшін департамент бастығы полиция полковнигі Ералы Жұмаханбетовтың қатысуымен баспасөз турын ұйымдастырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Баспасөз туры аясында төтенше жағдай кезінде қала аумағында және кіреберістерінде қойылған блок-бекеттердің жұмысымен танысу жүргізіліп, сондай-ақ карантин режиміне байланысты қабылданған шаралардың барлық туындаған мәселелері бойынша қосымша түсіндірме берілді.
Шымкент қаласы аумағында короновирустық инфекцияның таралуына жол бермеу шараларын іске асыру мақсатында Шымкент қ. ПД-нің 1206 қызметкері жұмылдырылған.
Шымкент қаласының кіреберістерінде 18 блок-бекет жұмыс атқаруда. Ал қала көшелерінің қиылыстарында 20 бекет қойылған.
Төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы бойынша 842 хаттама толтырылған. Оның ішінде 308 жайт бойынша әкімшілік сотпен қаулы шығарылып (61 адам әкімшілік қамауға алынды, 120 тұлғаларға айыппұл салынды, 127 тұлға ескерту алды), қалған істер қаралу сатысында.