Шымкент қаласының су арнасына цифрлық жүйелер енгізіледі

0
1 149

Осы орайда Шымкент қалалық су арнасының басшылығы шетел компаниясымен келісімге келген.


Шымкент қаласының су арнасына цифрлық жүйелер енгізіледі

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкент тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған ұйым – «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС әлемдік компаниялармен әріптестік байланысты нығайтып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласының тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС шаһардағы ауыз су және шайынды су жүйелерін цифрландыру бағытында әлемдік компаниялармен әріптестік байланысты дамытып жатыр.

Осы орайда, қалалық су арнасының басшылығы финляндиялық UROS компаниясымен келісімге отырып, су арналарын гидравликалық моделдеудің алдын ала есебін жүргізу жобасын іске асыруды бастады.

Атап айтсақ, жоба барысында Шымкент қаласына арнайы келген финляндиялық компания өкілдері – компанияның атқарушы директоры Владимир Олещенков, вице-президенті Сакари Лаитинен және инженері Тутти Лаитинен қалалық су арнасы мекемесінің цифрлық қамтылуын, кәсіпорын қуаттылығын зерделеп, есептеуіш құралдары мен датчиктерінің, қысым реттеуіштерінің көрсеткіштерін UROS жүйесінде сынақтамадан өткізбек. Сонымен қатар, шетелдік мамандар кәсіпорынды цифрлық жаңғырту, қолда бар ресурстарды тиімді пайдалану бағытында қалалық су арнасының басшылығына нақты ұсыныстар әзірлеп жатыр.

Айта кетейік, UROS компаниясы су арнасы мәселелерімен шұғылданатын бірнеше финляндылық кәсіпорындарда цифрландыру және гидравликалық моделдеу жобаларын табысты іске асырған. Сондай-ақ, аталған компанияның жобалары Ресей, Қытай және Үндістанда қолға алынған.