Азық-түлік базарлары жұмыс күндері сағат 06:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс жасайды.
иллюстрациялық фото
Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 31 шілдедегі №30 «Шымкент қаласының аумағында шектеу шараларын және карантинды ұзарту туралы» қаулысы шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қаулыға сәйкес қала тұрғындарына кез келген ауқымды іс-шара ұйымдастыруға тыйым салынады.
Үйден шыққан кезде тұрғындар үш адамға дейін серуендеу кезінде маска тағу және кемінде екі метр әлеуметтік қашықтықты сақтауға байланысты міндетті талаптарды сақтауы қажет.
65 жастан асқандар үшін қалада және қоғамдық орындарда жүріп-тұру аталған кезеңде шектеледі.
Азық-түлік базарлары жұмыс күндері сағат 06:00-ден 18:00-ге дейін, ал азық-түлік емес базарлар 06:00-ден 13:00-ге дейін ғана жұмыс істейді.
Дүкендер мен супермаркеттер жұмыс күндері 09:00-ден 21:00-ге дейін, ал демалыста 10:00-ден 18:00-ге дейін ғана жұмыс істейді.
Медициналық ұйымдар, процедуралық бөлмелер, коммуналдық қызметтер қалыпты режимде жұмыс жасайды.
Сұлулық салаондары, шаштараз, қоғамдық монша, бассейн, аквапарк, жағажай жұмыстарына тыйым салынады.
Жұмыс күндері қоғамдық көліктердің қозғалыс уақыты 7.00- ден 20.00-ге дейін. Ал демалыс күндері қоғамдық көлік жұмысы тоқтатылады. Бетперде кию қатаң қадағаланады.
Қаулының толық мәтінімен мына жерде танысуға болады.