ШЫМКЕНТ: Карантин кезінде ауызашарда бас қосқан деструктивті діни ағымдағы 11 адам ұсталды

0
1 368

Төтенше жағдайды бұзған барлық 11 азамат полицияға жеткізілді.


ШЫМКЕНТ: Карантин кезінде ауызашарда бас қосқан деструктивті діни ағымдағы 11 адам ұсталды

Қасиетті Рамазан айының алғашқы күнінде ТЖ режимін бұзып, ауызашарда бас қосқан шымкенттік тұрғындар ұсталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2020 жылдың 24 сәуірінде Шымкент ҚІІБ қызметкерлері жедел алдын алу іс-шарасы кезінде деструктивті діни ағымдарға баратын адамдар тобын анықтаған.

Олар карантиндік режим кезінде ауызашар уақытында жиналып, сөйлесу үшін ұйымдастырылған. Төтенше жағдайды бұзған барлық 11 азамат полицияға жеткізілді. Әрқайсысына қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік кодексінің 476-бабына сәйкес әкімшілік хаттама жасалды.

Барлық бұзушылық фактілері бойынша әкімшілік материалдар жиналып, Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қарауына жіберілді.

Бұл бапта ескерту түріндегі жаза, 10 АЕК айыппұл немесе 10 күнге дейін әкімшілік қамауға алу қарастырылған.