Келушілерге арналған бөлмеде бір топ азаматтардың кальян шегіп, плейстейшн ойнап көңіл көтеріп отырғаны анықталды.
Шымкентте 5 қаңтар күні сағат 17:18 шамасында Шымкент қаласы Ж. Аймауытов көшесі 57 үйде орналасқан «Автомай» май ауыстыру орталығына мониторинг жүргізу барысында карантиндік талаптардың сақталмағаны анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Келушілерге арналған бөлмеде бір топ азаматтардың кальян шегіп, плейстейшн ойнап көңіл көтеріп жатқандығы, ал қызметкерлердің бір реттік бетпердені тақпағандығы, сонымен қатар кіру кезінде келушілердің дене қызуын өлшейтін құралмен тексерілмейтіндігі анықталды.
Аталған жайт бойынша нысан иесіне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабы бойынша хаттама толтырды. Жинақталған материалдар Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.