Жастар Қаратау ауданы әкімінің алғыс хатымен арнайы марапатталып, кубоктарға ие болды.
ERNUR.KZ. Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 22 наурыз - Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Қаратау ауданы әкімі аппаратының қолдауымен қаратаулық жастар арасында С.Нұрмағамбетов атындағы атындағы №72 жалпы орта мектебінде үстел теннисінен кіші турнир өтті.
Тартысты өткен турнир нәтижесі бойынша, жастар Қаратау ауданы әкімінің алғыс хатымен арнайы марапатталып, кубоктарға ие болды.
I – орынды - Шымкент университетінің белсенді жасы, II – орын және III – орындарды Орталық Азия Инновациялық университетінің жастары иеленді.