Биыл 30 нысанды абаттандыру жоспарлануда.
ERNUR.KZ. Шымкентте «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында өткен жылы тұрғындардың дауыс беру нәтижесінде 41 балалар және 12 спорт алаңшасы салынып, пайдалануға берілді.
Биыл 30 нысанды абаттандыру жоспарлануда. Оның ішінде 15 жоба балалар ойын алаңдарын салуға бағытталған.
Сондай-ақ ойын алаңдарын Тұран шағын ауданы Жаңақұрылыс № 1 үйде, Нұртас шағын ауданы Байтас көшесінде, Достық тұрғын алабында, Бозарық саяжайы Балхадиша көшесінде, Мирас шағын ауданы Қарабура мен Әлем көшелерінде және Бозарық саяжайы Қорғас көшесінде салу көзделіп отыр.