Коллектор ұзындығы 20 шақырымға жетеді.
Шымкентте қала әкімі Ғабит Сыздықбеков солтүстік аумақты кәріз жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында басталған құрылыс жұмысымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Коллектор ұзындығы 20 шақырымға жетеді.
Осы уақытқа дейін жұмыс көлемі 37 пайыз біткен. Құрылыс өндірістік кестеге сәйкес келесі жылдың соңында аяқталады.
Қала әкімі жауаптыларға жұмыс сапасын қадағалап, нысанды дер кезінде қолданысқа беруді тапсырды.