Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұхан және қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Есенова Ханзада орталықтандырылған балалар кітапханасына және Абай атындағы кітапханаға арнайы барды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Шыңғыс Жұмабекұлы кітапханалар тынысы және атқарылып жатқан жұмыс барысымен танысты. Ол кітапханалар желісін жаңғырту, атқарылар жұмыстарды батыстық жүйеде дамыту және Коворкинг орталықтарын ашу керегін айтты. Жастар өз уақыттарын тиімді әрі пайдалы іспен айналысуына жағдай жасау, сондай-ақ кітап қорын толықтырып, құнды деректер жазылған ескі кітаптарды электрондық жүйеге көшіру және оқырман сұранысын басты назарға алынуын нықтап жеткізді.
Басқарма басшысы Есенова Ханзада Әзімханқызы қатардағы кітапханалар басшыларымен жүздесіп, маңызды сұрақтар бойынша сұқбат жүргізді. Кітапхананың бүгінгі күні мен алдағы уақыттағы атқарылар жұмыстарын, нақты жоспарларын қарап алдағы уақытта кітапханаларды жаңғырту және модернизациялау мақсатында және оны жүзеге асырудағы жоспарларға ой қосып, нақты тапсырмалар берді.