ШЫМКЕНТ: Көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 50 адам эвакуацияланды

0
1 351

​Зардап шеккендер жоқ.


ШЫМКЕНТ: Көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 50 адам эвакуацияланды

18 желтоқсанда сағат 14:10-да Шымкент қаласы, Тұран ауданы, Қонаев даңғылы, 91 үй мекенжайынан төтеншеліктерге өрт туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды ERNUR.KZ

ТЖД баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, тұрғын үйдің 10 қабатында 17 шаршы метр аумақты қамтыған ас бөлмесі өртенген.

"Өрт сағат 14:48-де жойылды. Баспалдақпен алып жүру арқылы екі адам құтқарылды. Баспалдақ арқылы 50 адам өз бетінше эвакуацияланды", делінген хабарламада.



Зардап шеккендер жоқ.

Өрттің шығу себебі анықталу үстінде.

Бұған дейін Павлодарда жеке үйдің моншасы өртенгені хабарланған болатын.