COVID-19-бен күресуге қала бойынша 2764 медицина маманы жұмылдырылған.
Шымкентте коронавирус індетін жұқтырғандарды емдеп, өз денсаулықтарын қатерге тіккен медициналық қызметкерлер марапатқа ие болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Оларға «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгілері табысталды. Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рустам Албаев жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Амангелді Нурлыбаев, аурухана орынбасары Мұрат Ағабаев және Мейрамбек Кудияровты “Денсаулық сақтау саласының үздігі” төс белгісімен марапаттады.
Сондай-ақ “Денсаулық сақтау саласының үздігі” төсбелгісі «№ 3 қалалық емханасының бас дәрігері Омар Ақмарал, жұқпалы аурулар ауруханасының қызметкері Темирбеков Ғабидин және жедел жәрдем станция орталығының қызметкері Оспанова Шолпанға берілді. Ал “Денсаулық сақтау саласының дамуына қосқан үлесі үшін” төс белгісімен Бейсеуов Махамбет, Сейдалина Жібек, Оспанова Сара, Қаламқызы Гульнар, Миятбекқызы Райхан марапатталды.
Айта кетейік, Шымкен қаласында бүгінге дейін короновирус індетін жұқтырған 1277 адам тіркелген. Оның 554-і емделіп, үйлеріне жіберілді. Бұл әрине, дәрігерлердің кәсібилігі мен біліктілігінің нәтижесі. COVID-19-бен күресуге қала бойынша 2764 медицина маманы жұмылдырылған.