Кеш барысында Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың өмір жолы мен құнды еңбектері жөнінде айтылды.
Әл-Фараби ауданының жастар ресурстық орталығы мен Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасы қызметкерлері бірлесе отырып, Қожа Ахмет Ясауидың туғанына - 930 жыл толуына орай, жасөспірімдер кітапханасында тарихи еске алу кеші ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Айта кетейік, Қожа Ахмет Ясауи түркі тілінде жатық әрі бейнелі жыр жазудың үлгісін жасап, түркі тілдерінің көркем шығармалар тудыру мүмкіндігінің мол екендігін дәлелдеді. Оның жазба әдебиет үлгісіндегі шығармалары түркі топырағында ертеден қалыптасқан суырыпсалмалық дәстүрдегі әдебиетке жаңа серпін, тың мазмұн алып келумен қатар, оны түр жағынан көркейтіп, кемелдендіре түсті. Фольклор мен жазба әдебиеттің өзара жақындасуының, толысып, көркеюінің дәнекері бола отырып, Шығыс әдебиетінде ертеден қалыптасқан, Құран Кәрімде баяндалатын тарихи аңыздар мен пайғамбарлар, әулие-әнбиелер жөніндегі әпсаналарды хикметтерінде ұтымды пайдаланды. Оның жолын ұстанған шәкірттері мен сопылықты уағыздаушылар түркістандық ғұламаны күллі әлемге танытты