ШЫМКЕНТ: «Менің гүлді аулам» конкурсы өз мәресіне жетті

0
557

31 үздік аула жүлделі орынға ие болды.


ШЫМКЕНТ: «Менің гүлді аулам» конкурсы өз мәресіне жетті

Шымкентте қала көркіне үлес қосу және тұрғындардың эстетикалық талғамын арттыру, көше мен аула тазалығына ынталандыру масқатында ұйымдастырылған «Менің гүлді аулам» конкурсы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Менің гүлді аулам» конкурсын бағалау үшін 2023 жылдың сәуір айының 3-5 күндері 7 адамнан құралған бағалаушы қазылар алқасы әр қатысушы аулаға барып тексеру жүргізді. Әрбір аула басқарушысы мен аула тұрғыны конкурс барысында атқарылған жұмыстары, ауланың көрікті болуына тартылған тұрғындар мен қолданған тыңайтқыштар жөніндегі ақпараттармен бөлісті. 12 сәуір күні қазылар алқасының жеңімпазды анықтау мақсатында бағалау отырысы өтті.

Былтыр қазан айынан бері бақ сынаған аула басқарушылары мен тұрғындар қызықты сайысқа белсене кірісті. Есік алдын алуан түрлі гүлдермен, ерекше дизайнерлік ландшафтпен көмкерген 91 аула қатысушыларынан іріктеліп 31 үздік аула жүлделі орынға ие болды.

Бағбандардың еңбегін бағалаған қазылар алқасы жүлде қорына өзгеріс енгізіп, жүлделер санын арттырды. Нәтижесінде 9 аула-қатысушы – 1 миллион теңге; 6 аула-қатысушы – 500 мың теңге; 9 аула-қатысушы – 250 мың теңге; 6 аула-қатысушы – 150 мың теңге; 1 аула-қатысушыға – 100 мың теңгемен марапатталды.
Бастысы конкусқа қатысқан тұрғындар фестиваль шартына сәйкес, қаламыздың символына айналған қызғалдақ гүлінің егуді назардан тыс қалдырған жоқ. Конкурсқа қатысу арқылы қала жұртшылығы тазалықпен бірге өз аулаларын көгалдандыру жұмыстарына машықтанды.
Марапаттау іс шарасы барысында мегаполис халқы орталық саябақта бас қосып, жүлдегерлердің марапатын тамашалады.
Айта кетейік, мегаполис табиғаты мен тұрғындар үшін мәні мен мағынасы бар бұл байқау жыл сайын қолға алынбақ.