ШЫМКЕНТ: «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының жеңімпаздары анықталды

0
1 081

Жеңімпаздарға қала әкімінің алғыс хаты мен 500 мың теңге көлемінде қаржылай сыйлық табысталды.


ШЫМКЕНТ: «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының жеңімпаздары анықталды

Биылғы жылы ұлттық комиссияның бастамасымен «Мерейлі отбасы» байқауы жаңа форматта өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы елімізде Тұңғыш Президент– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2013 жылдан бері өткізіліп келеді.

Жыл сайын өңірлерден 2 жеңімпаз отбасы анықталып, республикаға жолдама алатын болса, биылғы жылы бір отбасы жолдама алатын болды.
Байқаудың шарты бойынша аудан әкімдіктері мамыр-маусым айларында Шымкент қаласының тұрғындары арасынан Абай ауданы - 31, Әл-Фараби ауданы - 20, Еңбекші ауданы - 20, Қаратау ауданы – 39 барлығы 110 өтініш қабылдады. Бұл 2019 жылмен (31 отбасы) салыстырғанда 4 есе көп отбасы қатысқандығын көрсетіп отыр.
Шымкентте өткен қалалық кезеңнің тағы бір ерекшелігі байқауға қатысушылар арасында көп балалы және жас отбасылардың саны 2 есе артып отыр.
Анкеталық іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша төрт ауданнан 16 отбасы байқаудың екінші қалалық кезеңіне жолдама алған болатын.
Нәтижесінде Алиевтер отбасы комиссияның шешімімен жеңімпаз деп танылды. Жеңімпазды қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан марапаттап, қала әкімінің алғыс хаты мен 500 мың теңге көлемінде қаржылай сыйлық табыстады.
Алиевтер отбасының үлкені Бачак Алиев - ішкі істер саласының құрметті ардагері. Отбасылық "АБО" түрік ансамбліне жетекшілік етеді. Бүгінде 6 жанұя бір шаңырақ астында күн көруде. Отбасылық өнердің арқасында алыс-жақын шетелге гастрөлмен шығып, танылып үлгерген. Қалада өтетін түрлі мәдени іс-шараларға да белсене ат салысып жүреді.
Өзге де қалалық кезеңге өткен барлық отбасыға Шымкент қаласы әкімінің арнайы алғыс хаты және бағалы сыйлықтар берілді.