ШЫМКЕНТ: Мұғалімдерге медицинаоық сақтандыру мәртебесі туралы түсіндірілді

0
22

Ұстаздарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің артықшылықтары мен мүмкіндіктері жайында баяндалып, сұрақтарына жауап берілді.


ШЫМКЕНТ: Мұғалімдерге медицинаоық сақтандыру мәртебесі туралы түсіндірілді

Мұғалімдердің медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебесі туралы ӘМСҚ Шымкент филиалының өкілдері түсіндіріп берді.

Мұғалімдердің МӘМС жүйесіндегі мәртебесі сақтандырылған. Дегенмен, білім беру саласының қызметкерлері ұзақ мерзімді демалысқа шыққанда ай сайынғы жарнаның дұрыс төленбеуі себебінен сақтандыру мәртебесін жоғалтатын жәйттер кездеседі.
ӘМСҚ Шымкент филиалының өкілдері бүгін қаладағы Еңбекші ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен білім беру мекемелерінің қызметкерлерімен кездесіп, осы іспеттес өзекті мәселелерге байланысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жиында қор филиалының бөлім басшысы Ахмет Беден ұстаздарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің артықшылықтары мен мүмкіндіктері жайында баяндап, сұрақтарына жауап берді. Кездесу барысында атап көрсетілгеніндей, МӘМС жүйесі халыққа кеңейтілген медициналық қызметтерге қол жеткізуге мүмкіндігін береді.
Кездесуде білім беру саласы қызметкерлеріне сондай-ақ жарна төлеу тәртібі мен мөлшері, жеңілдік санатындағы азаматтарға қолжетімді медициналық көмек түрлері айтылды.
Басты мақсат – білім саласы қызметкерлерінің медициналық сақтандыру туралы түсінігін кеңейту және олардың медициналық қызметтерді дұрыс әрі тиімді пайдалануын қамтамасыз ету.

Еске салсақ, бұған дейін ӘМСҚ Шымкент филиалы қызметкерлерінің «Дария Медикус» клиникасының ұжымымен кездесуінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің халыққа пайдасы мен маңыздылығы туралы кеңінен талқылаған еді.

Жиын барысында тұрғындарға жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімді болғаны және қаланың денсаулық сақтау саласын жақсартуға бағытталған шаралар жайында айтылды.
Атап өтер болсақ, соңғы жылдары МӘМС аясында қаланың медициналық мекемелері бүйрек, бауыр, жүрек трансплантациясы сынды күрделі операцияларды жасап, 1000-нан астам науқасқа жоғары технологиялық көмек көрсетті. Сонымен қатар, бүгінгі таңда амбулаториялық тегін дәрі -дәрмек 116 нозология бойынша босатылуда.
☝️Қызмет көрсету сапасын жоғарылату мақсатында қаладағы барлық медициналық мекемелерде «Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау» қызметі жұмыс істейді. Бұл қызмет науқастардың мәселелерін жедел шешуге және медициналық көмек сапасын бақылауға бағытталған.
Бөлісу