ШЫМКЕНТ: Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жүріп-тұруына қолайлы орта құру жұмыстары жүргізілді

0
782

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.​


ШЫМКЕНТ: Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жүріп-тұруына қолайлы орта құру жұмыстары жүргізілді

Шымкент қалалық Еңбекші ауданы аумағындағы 28 әлеуметтік нысанға қолайлы орта құру туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Яғни, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған бұрыштар, таңба-белгілер, пандустар орнату туралы кеңінен айтылды. Жалпы стандартқа сәйкес, пандустың ені 100 см, көлбеу бұрышы 6 градустан аспауы керек. Биіктігі 70 немесе 95 сантиметрлік екі деңгейлі тұтқасы болуы шарт. Жолдың ашық баспалдаққа немесе пандусқа қосылатын жердегі алаң аумағы 160х160 сантиметр, ішке кіретін есіктің ені 90 см кем болмағаны жөн. Едені тайғанамайтын материалдан жасалуы қажет.
Түсіндірме жұмыстары барысында Еңбекші ауданы әкімдігі және «Аmanat» партиясының Еңбекші аудандық филиалы, Шымкент қаласының денсаулық, білім, сәулет қала құрылысы және жер қатынастары, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан құралған комиссия тобы нысан иелеріне талап ережеге сәйкес жұмыс істеуді ұсынды. Комиссия мүшелерінің бірі арнайы мүгедек арбасына отырып, нұсқаулық бойынша үлгілік сызба көрсетті.

Айта кетейік, Шымкент қаласында Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қала өміріне белсене араласуына мүмкіндік жасау және оларға көрсетілетін қызмет түрлерін қолжетімді ету мақсатында «Ten qogam» әлеуметтік қолдау орталығы ашылған болатын. Бұл орталық 2021-2025 жылдарға арналған «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: баршаға лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасы аясында іске асырылды. Ж.Аймауытов көшесі, 130 үй мекен –жайында орналасқан «Тең қоғам» әлеуметтік қолдау орталығы «Бір терезе» қағидасымен 5 бағытта қызмет түрлерін ұсынады. Орталық ерекше қажеттіліктері бар адамдарды жұмысқа орналастыруға баса назар аударатын болады. Бұдан бөлек әлеуметтік қызмет порталдарын ешкімнің көмегінсіз қолдануды үйретпек. Мамандардың айтуынша, орталықта заң бағытында сондай-ақ, әлеуметтік, психологиялық, тұрмыстық мәселелер бойынша кеңес беріледі.