Құрылыс аяқталғаннан кейін жолдарды ретке келтіруді тапсырды.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жауаптылармен бірге Нұртас шағын ауданын кәріз жүйесімен қамту жұмыстарын қадағалады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Құрылысқа 60 адам, 15 арнайы техника жұмылдырылған.
Қала әкімі мердігерге құрылыс нормаларын қатаң сақтау және халық қауіпсіздігі үшін құбырларларды жүргізуде арнайы белгілерді орнатуды ескертті. Сонымен қатар, желілерді орнату аяқталғаннан кейін жолдарды ретке келтіруді тапсырды.