ШЫМКЕНТ: онкологиялық орталықта шеберлік сабақтары өтті

0
834

Сәулелі ем - онкологиялық аурулармен күресте негізгі әдіс.


ШЫМКЕНТ: онкологиялық орталықта шеберлік сабақтары өтті

ERNUR.KZ. Бүгін Шымкент қалалық онкологиялық орталығында Алматы қаласындағы Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының профессоры Ким Виктор Борисовичтің қатысуымен сәулелік ем бойынша шеберлік сабақтары ұйымдастырылды.

Орталықта былтырғы жылы заманауи сәулелі емдеу аппараты орнатылған болатын. Соңғы технологияға негізделген қондырғының көмегімен науқастарға жоғары деңгейде қауіпсіз технологиялық сәулелі ем шаралары жасалады. Сәулелі ем - онкологиялық аурулармен күресте негізгі әдіс. Осыған дейін озық технологиялық құрылғы арқылы 1 мыңнан астам адам ем қабылдаған.
Мұндай шеберлік сабақтары радиолог мамандарының біліктілігін арттырып, сәулелі терапияны тиімді жүзеге асырудың жаңа әдістерін меңгеруге мүмкіндік береді.