Бас бапкер болып 47 жастағы Беларусь маманы Александр Седнев тағайындалды.
«Ордабасы» командасына бас бапкер болып Александр Седнев тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
«Ордабасының» бас бапкерін бүгін командаға клуб президенті Бақтияр Байсейтов таныстырып, клубтың алдағы мақсаттарын түсіндірді.
47 жастағы Беларусь маманы бұған дейін «Белшина», «Динамо», «Днепр» және Қазақстандық «Ақтөбені» жаттықтырған.
Ол 2012 жылдан бері УЕФА-ның «Pro» дәрежесіне ие.