ШЫМКЕНТ: полиция қызметкерлері жастарға нашақорлықпен күрес бойынша кездесулер өткізді

0
109

Дөңгелек үстелдің мақсаты – есірткімен күрес бойынша қоғамды ақпараттандыру, есірткі қылмыстарына қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу, жасөспірімдерді салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.


ШЫМКЕНТ: полиция қызметкерлері жастарға нашақорлықпен күрес бойынша кездесулер өткізді

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Төлеген Тәжібаев атындағы 47 мектеп- гимназияда Шымкент қаласы Тұран аудан полиция басқармасы бастығының уақытша мінжетін атқарушы полиция подполковнигі Қазыбаев Алибек Төленұлы , ЖПҚБ ЮПБ полиция майоры Иргебаев Жандос Тлеуханұлы, Шымкент қаласы Тұран ауданы жергілікті полиция инспекторы, полиция капитаны Бегимбетов Құдайберген Төлегенұлы қатысуымен "Жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алу" тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – есірткімен күрес бойынша қоғамды ақпараттандыру, есірткі қылмыстарына қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу, жасөспірімдерді салауатты өмір салтын ұстануға шақыру. Шара барысында полиция қызметкерлері синтетикалық есірткілердің жедел таралуы мен олардың қоғамға тигізетін теріс әсерлері туралы түсіндіру.
Қазіргі уақытта елімізде есірткі қолдану және жасөспірімдердің тасымалдау тақырыбының өзектілігі күн сайын артып келеді. Жасөспірімдердің арасында тонау, жол-көлік апатын жасау, қарақшылық шабуылдардан бөлек есірткі қылмысына баратындар да аз емес. Осы ретте, полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасы «Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары» негізінде есірткіні тұтынудың алдын алу және есірткінің тасымалдауға жол бермеу бағытында мектебіміздің жоғары сынып оқушыларға жасөспірімдер арасында белең алған есірткіні қолдануы мен тасымалдау бойынша қандай қылмыстық жауапкершілік қарастырылғаны бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Дөңгелек үстел барысында жоғары сынып оқушыларына арнайы дайындалған ролик ұсынылды.

Еске салсақ, қалалық полиция департаментінің қызметкерлері тұрақты түрде қала аумағындағы білім ошақтарында оқушылар мен студенттерге есірткінің зардабы, нашақорлықтың алдын алу бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеді.

Бұған дейін мұндай іс-шара қаламыздағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінде өткізілген болатын.
Кездесу барысында жастарға есірткінің заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдары, нашақорлықтың қалыптасуы, жаңа психоавтивті заттардың таралуы жөнінде толыққанды мәліметтер беріліп, одан аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы атап көрсетілді.
Сонымен қатар, интернет-дүкендердің әкімшісі болу, есірткі жасыруға қатысқаны, есірткі заттарын насихаттағаны және жарнамалағаны үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленгені туралы ескертілді.
Бөлісу