Шымкент-Шолаққорған тас жолында жол апаты орын алды

0
1 005

Нәтижесінде Газель жүк көлігі аударылып, кабинаның және қозғалтқыш бөлігінің жануы орын алды.


Шымкент-Шолаққорған тас жолында жол апаты орын алды

Фото: видеодан скриншот

Шымкент-Шолаққорған тас жолында жол апаты орын алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар Департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

11 қыркүйек күні №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің "101" пультіне Бозарық елді мекенінде автокөліктің жануы туралы ақпарат келіп түскен.

№1 МӨСБ мамандары құрамында 13 адам және 2 бірлік техникасы бар оқиға орнына 9 минут ішінде жетіп келіп, Шымкент-Шолаққорған тас жолында екі көліктің соқтығысқанын анықтады. Нәтижесінде Газель жүк көлігі аударылып, кабинаның және қозғалтқыш бөлігінің жануы орын алды.

Оқиға орнынан өтіп бара жатқан "Автобетонный насос Слон" автокөлігінің жүргізушісі еш ойланбастан жалынға оранған көлікті сөндіруге асықты.

Жүргізушінің батыл және жедел әрекеттерінің арқасында өртті дер кезінде сөндіріп, газельдерге орнатылған екі газ баллонының жарылуына жол берілмеді. Осылайша жалын өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін сөндірілді. Ал №1 МӨСБ мамандары "Бетон Әлем"ЖШС жұмыс істейтін жүргізушінің кәсіби іс-әрекеттерін атап өтті.