Шымкент спортшылары 9 айда 112 алтын, 96 күміс және 92 қола медалін жеңіп алды

0
818

Әзірге қала спортшыларының қоржынында 4 олимпиада жолдамасы бар.


Шымкент спортшылары 9 айда 112 алтын, 96 күміс және 92 қола медалін жеңіп алды

Шымкент қаласының спортшылары жыл басынан бері ел чемпионаттары мен түрлі халықаралық жарыстарда көптеген жетістіктерге қол жеткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Онымен қоса шаһарда спорттық инфрақұрылымды дамыту, бұқаралық спортты насихаттауда жүйелі жұмыстар атқарылуда.

Қалалық денешынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, 9 айда қала спортшылары ҚР чемпионаттары, кубоктары мен біріншіліктеріне қатысып, 112 алтын, 96 күміс, 92 қола медаль жеңіп алды. Азия чемпионаттары мен кубоктарында қала спортшылары 2 күміс, 3 қола медальге қол жеткізсе, Әлем чемпионаттары мен кубоктарында 1 қола медальге ие болды.

Осы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 7 «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері», 52 «Қазақстан Республикасының спорт шебері», 104 спорт шеберіне үміткер спортшылар дайындалды.

Бүгінде 2021 жылғы ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындарына дайындық жұмыстары жүргізілуде. Әзірге қала спортшыларының қоржынында 4 олимпиада жолдамасы бар.

Халықты дене шынықтырумен шұғылдануға тарту және спорттық инфрақұрылымды, бұқаралық спортты тиісті деңгейде дамыту мақсатында қалада мемлекеттік жекешілік-әріптестік тетігі арқылы 4 спорт нысаны жұмыс істейді.