Қауіпті орындарда кезекші бригадалар ұйымдастырылды.
Шымкент қаласында су басу қаупін алдын алу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді
“Ауа райының құбылуына байланысты қазір қаладағы орталық және ішкі орам көшелерінде көлік қозғалысына қолайлы жағдай жасау бағытында тиісті жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Қалада су басу қаупі бар аумақтар анықталып, төтенше жағдайды алдын алу мақсатында ирригациялық жүйелер тазаланып жатыр”, - делінген әкімдік таратқан ақпаратта.
Қауіпті орындарда кезекші бригадалар ұйымдастырылып, техникалар мен жұмысшылардың дайындығы пысықталды. Аталған жұмыстарға 366 адам, 178 техника жұмылдырылды.
Еңбекші ауданындағы қаланың шеткі елдімекендеріндегі каналдар мен су қашыртқыларында су жиналу деңгейі тұрақты бақылауда.
Сонымен қоса, Абай ауданының Сыпырған-ата Әл-Фараби көшелерінің қиылысында жиналған суды арнайы қашыртқылар арқылы ағып кетуі үшін тиісті жұмыстар жүргізілді. Қазіргі таңда су басу қауіпі жоқ.
Сондай-ақ, Төлеметов - Өтегенов көшелерінің қиылысында жиналған жаңбырдың суын арнайы 2 техника және 2 мотопомпа 8 адам жұмыс атқаруда. Жауыннан жиналған су мөлшері көп емес, қоғамдық және жеңіл көліктерге кедергі келтірмеуде.