ШЫМКЕНТ: Тоқтар Төлешовтен мемлекет пайдасына 1 млрд. 215 млн. теңге өндірілді

0
1 631

Бұл іс 2017 жылдан бері мемлекеттік сот орындаушының өндірісінде болған.


ШЫМКЕНТ: Тоқтар Төлешовтен мемлекет пайдасына 1 млрд. 215 млн. теңге өндірілді

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкент қалалық прокуратурасының тікелей араласуымен Тоқтар Төлешовтың мүліктері мемлекет пайдасына өндірілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласының прокуратурасы мәлімдеме жасады.

Шымкент қалалық прокуратурасының хабарлауынша, 2017 жылдан бері мемлекеттік сот орындаушының өндірісінде Т.Төлешовтен мемлекет пайдасына 1,4 млрд. теңге өндіру туралы атқару құжаты орындауда болған. Алайда, іс-құжаттарды зерделеу нәтижесінде ЖШС-нің жарғылық капиталындағы активтері ретінде берілген борышкер Т.Тулешовке тиесілі мүліктері анықталғанымен, аталған мүліктерінен өндіруді ұзақ уақыттан бері жүзеге асыра алмаған.

Сондай-ақ, қала прокуратурасының тікелей араласуымен мемлекеттік сот орындаушы аталған азамттың мүліктеріне бағалау жүргізіп, нәтижесінде соттың ұйғарымымен олар мемлекет пайдасына берілген.

«Айтылғандардың негізінде, атқару өндірісінің аясында Т.Тулешовке қатысты сот үкімі орындалып, жалпы сомасы 1 млрд. 215 млн. теңгені құрайтын борышкердің мүлкі бюджетке түсуі қамтамасыз етілді», - делінген прокуратура хабарламасында.

Айта кетейік, сот үкімінің әрі қарай орындалуы бақылауда болады.